Қарағанды облысында бройлерлік құс фабрикасының алғашқы кірпіші қаланды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында бүгін «Сапалы өнімдер» ЖШС-нің бройлерлік құс фабрикасының алғашқы кірпіші қаланды.
None
None

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов және осы аймақта жұмыс сапарында жүрген «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингісінің басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков қатысты.

Жылына 5 мың тонна бройлер еті өнімдерін шығаруға жоспарланған құс фабрикасы құрылысының құны 1,6 млрд. теңге, қаржыландырушысы - «ҚазАгроҚаржы».

Кәсіпорын басшылығының ақпараты бойынша, қазіргі таңда құрылғы сатып алуға арналған келісімшарттың 90%-ы төленіп қойған және бройлер балапандарын ұстауға арналған тор құрылғыларының 5 топтамасы, инкубатор мен сою цехы орнатылған. Қалған құрылғылар алдағы екі айдың ішінде жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар