11:37, 02 Шілде 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық стансысының ғимараты құлады
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында, бейсенбі күні сағат 21.20-да бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық стансысының темір бетонмен жаңартылған ғимараты құлады.

Бұл туралы облыстағы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы хабарлады.
Ғимарат толығымен құлаған, деп хабарлайды баспасөз орталығы. ТЖД ақпараты бойынша, оқыс оқиға белгісіз адамдардың ғимаратты рұқсатсыз бұзуынан болған. Зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың аумағы 50 де 30 метр болған.
Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, аумақ қоршауға алынды, деп нақтылады ТЖД.