08:48, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында дала өрті сөндірілді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында дала өрті сөндірілді,

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығы.
Маусымның 20-сы күні, сағат 10.40-та Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының солтүстік батысынан 45 шақырым жерде болған өрттің ауданы - 160 гектар.
Құтқарушылардың деректері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Қоскөл ауылдық округында құралған ерікті өрт сөндірушілердің күшімен келесі күні сағат 16.30-да сөндірілген. Жалынды тоқтату үшін 30 адам мен 5 техника жұмылдырылды.