Қарағанды облысында дәмхана, мейрамханалар түнгі 24.00-ге дейін жұмыс істейді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Аталмыш құжатқа сай, өңірдегі қоғамдық тамақтану орталықтары 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сонымен қатар қаулыдағы өзгерістер оқу жылының үшінші тоқсанындағы білім алу ережелеріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес келесі:

- қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс режимдері сағат 07.00 бастап 24.00 дейінгі аралықта шектеледі;

- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жұмыс кестелеріне сәйкес қызмет етеді;

- тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нысандарының (сауда базарларының) жұмыскерлері халыққа қызметті маскада, қолды міндетті түрде антисептикпен өңдеу арқылы көрсетеді;

- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтай отырып:

- 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

- жалпы білім беретін мектептерде 1 - сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда кезекші сыныптарда, халықаралық мектептерде - 7-сыныпты қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптарды жинақтауды сақтаған кезде оқыту;

- мектеп бітіруші сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1–сынып - 1-кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту);

- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;

- колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқыту туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар