09:04, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында екі балықшы суға батып кетті
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысының Шетпе ауданындағы «Таңатбай» су қоймасында резеңке қайықпен балып аулаған екі балықшы суға батты. Олардың денесін кеше ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің судан құтқару мамандары алып шықты.