Қарағанды облысында екі елікті атып өлтірген браконьерлер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Осакаров ауданында екі еліктің тұтас еттері бар екі жұмыссыз ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«13 наурыз күні Осакаров аудандық ІІБ-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамы» ҚБ-мен бірлесіп өткізілген рейдтік шаралар кезінде Есіл ауылының жанында Теміртау қаласының 40 және 39 жастағы жұмыссыз тұрғындарының жүргізуіндегі екі «Тойота Прада» көлігі тоқтатылды. Олар заңсыз аңшылық жасап, екі елікті атып өлтірді. Ұсталғандардан екі қарда жүретін шана, 12-ші калибрлі мылтық және жабайы жануарлардың екі тұтас еті тәркіленді», - делінген хабарламада.

Тұтас еттер сараптамаға жіберілді. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 288 бабымен («Заңсыз аңшылық жасау») қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар