Қарағанды облысында екі зияткерлік мектеп салынады ? облыс әкімі

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 7-сі.ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында «ҚР тұңғыш Президентінің 20 зияткерлік мектебі» жобасы ауқымында екі мектеп салынады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин бүгін халықпен есепті кездесуінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұлар ? Қарағандыда салынатын химия-биология бағытындағы 1200 орындық және Теміртауда болатын 1000 орындық физика-математика мектебі, деді өңір басшысы. Оның айтуынша, Қарағандыда салынатын мектепке қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, оның құрылысы биыл басталып, 2010 жылғы қыркүйекте пайдалануға беріледі. Теміртауда салынатын зияткерлік мектепті «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаржыландырады.Жұртшылықтың «Бұл мектептер таңдаулылар үшін бола ма?» деген сұрағына әкім: «Расында білім деңгейі жағынан таңдаулылар үшін. Оларға қабылдау тестілеу арқылы жүргізіледі», - деп жауап қайтарды. Н.Нығматулиннің хабарлауынша, Қарағанды облысында барлығы 20 білім беру нысаны салынады, соның ішінде 4 жалпы білім беретін мектеп, үш кәсіптік-техникалық лицей, және 11 балабақша бар.
Соңғы жаңалықтар