09:43, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Қарағанды облысында ер адам балық аулаймын деп суға батып кетті
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданы Бестамақ ауылында балық аулау кезінде 1968 жылы туған ер адам суға батып кетті.

Оның денесі судан ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды.
Бұл туралы ҚР Тжм баспасөз қызметінен хабарлады.