Қарағанды облысында Еуразиялық интеграция принциптері кеңінен түсіндіріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының демократиялық күштер Коалициясы Еуразиялық интеграция принциптерін түсіндіру бойынша көп жұмыс жасамақ. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова коалиция отырысында хабарлады.
None
None

Кездесу Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоюды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда деп атап өтті қатысушылар.

«Бүгін біз маңызды құжатты талқылайтын боламыз. Осының аясында әрбір қатысушы өз ұйымында Еуразиялық интеграция принциптерін түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді», - деді Қ. Оспанова.

Кез келген елдің өміршеңдігі оның өзге мемлекеттермен интеграциясына байланысты деп атап өтті ол.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында үш мемлекет өз кәсіпкерлеріне 170 миллиондық нарық құрады. Оның ауқымы 2,2 трлн. долларды құрайтын болады. Осылайша олар отандық экономика мен бизнестің дамуына мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті Қ. Оспанова.

Коалиция мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенуде.

«Төрт негізгі еркіндік - тауарларды, қызметтерді, инвестициялар мен еңбек ресурстарын өткізу Қазақстан мен оның серіктестеріне халықаралық экономикалық қарым-қатынаста бір блок болып шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұтынушылық стандарттар мен азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырады», - деді Қ. Оспанова.

Соңғы жаңалықтар