Қарағанды облысында ирандық серіктестердің қатысуымен 4 бірлескен кәсіпорын қызмет етуде

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Аймақ басшысы қонаққа облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
«2012 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың Иранмен сыртқы сауда айналымы 134,9 млн. АҚШ долларын құрады. Ирандық серіктестермен өндіріс және сауда саласындағы 4 бірлескен кәсіпорын қызмет етуде», - деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Облыс әкімі 2008 жылы өткен инвестициялық форумда Қарағанды облысы және Иранның Орталық провинциясының арасында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтамқтастық туралы Келісімге қол қойылғандығын еске сала кетті. Бұдан басқа, ирандық Арак қаласы Қарағандының бауырлас қаласы болып табылады.
«Таяу үш жылда «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерінің құрылысы аяқталады. Осының арқасында қазақстандық, соның ішінде қарағандылық тауарлардың Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығу мүмкіндігіне қол жеткізіледі», - деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Облыс әкімі Иранға «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аясындағы ынтымақтастықты дамытуды ұсынды. «Біздің облысымыздың жайлы инвестициялық климаты, бай шикізаттық базасы, стратегиялық тиімді географиялық орналасуы оның экономикасына инвестициялар ағынының кедергісіз өтуіне оңды жағдайлар тудырып отыр. Сізді экономиканың түрлі салаларында және гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа шақырамын», - деді аймақ басшысы.