Қарағанды облысында қалааралық маршруттарда жол ақысы екі есе арзандады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Кешеден бастап Қарағанды облысының қалааралық маршруттарында жол ақысы 80 теңге болады. Бұл өңірде жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі іске қосылуыынң арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында қалааралық маршруттарда жол ақысы екі есе арзандады

Бүгін, 1 ақпанда Қарағанды облысының қалааралық маршруттарында ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі іске қосылды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тасымалдаушылармен, сондай-ақ ONAY! компаниясының өкілдерімен бірлесіп жүйенің жұмысына мониторинг жүргізді.

Сұрақтар туындаған жағдайда www.onay.kz сайтында көрсетілген мекен-жайларға жүгінуге болады және компанияның Instagram парақшасында – @onay.karaganda.

Сондай-ақ, Call-орталық операторларына (8-7212) 50-60-50 нөмірі бойынша сұрақтар қоюға болады. Қоңыраулар күн сайын сағат 06:30-дан 23:00-ге дейін қабылданады.

Қарағанды облысында жеті қала маңындағы маршруттармен жүру арзанырақ болатыны осыған дейін айтылған.

«ONAY электрондық жүйесін пайдалану тәжірибесі Қарағандыда оң нәтиже беруде. Бүгінгі таңда төлемдердің 96%-ы электронды түрде өтуде. Бұл жүйені қалааралық автобустарда, атап айтқанда серіктес қалаларда енгізу кейбір маршруттарда жол жүру құнын екі есеге жуық төмендетуге мүмкіндік береді. Айырмашылық айтарлықтай», — деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Жаңа тариф ай сайын 500 мыңға жуық жолаушыны тасымалдайтын маршруттарда жүзеге асырылады.

Бұл - № 100 және 107 (Қарағанды — Теміртау), № 121 (Қарағанды — Шахтинск), № 122 (Қарағанды — Топар), № 127 (Қарағанды — Шахан), № 146 (Қарағанды — Абай) және № 165 (Қарағанды — Саран) автобустар.

Қала маңындағы маршруттарда электрондық билеттеу жүйесі енгізілгелі жолаушылар QR, көлік коды немесе SMS көмегімен көлік картасымен («Бірыңғай», Virtual, «Әлеуметтік», «Зейнеткер») жол жүру ақысын төлеген кезде 80 теңге төлейді.

«7-15 жастағы балалар» картасы бойынша жол жүру құны — 40 теңге.


Фото: gov.kz