Қарағанды облысында қалааралық маршруттарда жол ақысы екі есе арзандады
Бүгін, 1 ақпанда Қарағанды облысының қалааралық маршруттарында ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі іске қосылды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тасымалдаушылармен, сондай-ақ ONAY! компаниясының өкілдерімен бірлесіп жүйенің жұмысына мониторинг жүргізді.
Сұрақтар туындаған жағдайда www.onay.kz сайтында көрсетілген мекен-жайларға жүгінуге болады және компанияның Instagram парақшасында – @onay.karaganda.
Сондай-ақ, Call-орталық операторларына (8-7212) 50-60-50 нөмірі бойынша сұрақтар қоюға болады. Қоңыраулар күн сайын сағат 06:30-дан 23:00-ге дейін қабылданады.
Қарағанды облысында жеті қала маңындағы маршруттармен жүру арзанырақ болатыны осыған дейін айтылған.
«ONAY электрондық жүйесін пайдалану тәжірибесі Қарағандыда оң нәтиже беруде. Бүгінгі таңда төлемдердің 96%-ы электронды түрде өтуде. Бұл жүйені қалааралық автобустарда, атап айтқанда серіктес қалаларда енгізу кейбір маршруттарда жол жүру құнын екі есеге жуық төмендетуге мүмкіндік береді. Айырмашылық айтарлықтай», — деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Жаңа тариф ай сайын 500 мыңға жуық жолаушыны тасымалдайтын маршруттарда жүзеге асырылады.
Бұл - № 100 және 107 (Қарағанды — Теміртау), № 121 (Қарағанды — Шахтинск), № 122 (Қарағанды — Топар), № 127 (Қарағанды — Шахан), № 146 (Қарағанды — Абай) және № 165 (Қарағанды — Саран) автобустар.
Қала маңындағы маршруттарда электрондық билеттеу жүйесі енгізілгелі жолаушылар QR, көлік коды немесе SMS көмегімен көлік картасымен («Бірыңғай», Virtual, «Әлеуметтік», «Зейнеткер») жол жүру ақысын төлеген кезде 80 теңге төлейді.
«7-15 жастағы балалар» картасы бойынша жол жүру құны — 40 теңге.
Фото: gov.kz