14:33, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында қалың қар жауып, боран соғады - Қазгидромет
ҚАРАҒАНДЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті синоптиктердің болжамына сілтеме жасап, боран туралы ескертеді.
«Қазгидрометтің» Қарағанды гидрометеорология орталығының ақпараты бойынша, ақпанның 6-сына қараған түні облыс аумағында қалың қар жауады, боран болады, батыстан 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады және кей жерлерде тұман болады деп күтілуде. 6 ақпан күні күндіз де қар жауып, желдің екпіні 17-22 метр/секундқа дейін күшейеді деп болжануда. Жолдарда, әсіресе, облыстың солтүстігі мен батыс аудандарында көктайғақ болуы ықтимал», -делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Осыған байланысты мамандар адамдарға абай болуға, ауа райын қадағалап отыруға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға кеңес беріп отыр.