Қарағанды облысында қандай жобалар мемлекеттік қолдау алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында жергілікті өндірілетін балмұздақ пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас кәсіпкер Долинка кентінде цехты іске қосып, мұнда суық тәттінің бес түрін шығаратын болды. Теміртауда өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге арналған пиролиз пеші салынды. Қарағандыда мұздатылған картоп - фри өндірісі бойынша цех ашылады, жабдық сатып алынды.

Бұл жобалар мемлекеттік қолдаумен іске асырылады. Бұған қоса жас кәсіпкерлер «Бизнес жол картасы» бағдарламасы бойынша көмек алды.

- Мен бұрынғы спортшы - жеңіл атлетпін, сырықпен секірумен айналыстым. Спортшы мансабын тастаған соң, өз ісімді ашуға бел будым. Өз балмұздағымды шығару идеясы туындады. Өткен жылы несие алдым. «Бизнес жол картасы» бойынша жоба қолдау алды. Несиені қаражаттандыру ұсынылды, мемлекет кепілзаттық қамтамасыз етудің жартысын өзіне алды. Нәтижесінде мөлшерлеме жылдық 8,5%-ды құрады. Жабдық сатып алдық. Осы жылдың маусымында жоба басталды, - дейді 25 жасар кәсіпкер Ярослав Омельницкий.

Оның айтуынша, мемлекет қолдауынсыз бастау әдәуір қиын болар еді. «Балмұздақ корпорациясы» маркасымен өнім қазір Шахтинск өңірінде сатылуда. Өндіріс қуаты күніне бір тоннаға дейін тәтті шығаруға мүмкіндік береді. Өткізу нарығын кеңейту және сұрыпталымды арттыру жоспарда тұр.

28 жасар қарағандылық Жасұлан Бекетбаев өз ісімен бөлісті. Оңтүстік Шығыстағы облыстық орталықта мұздатылған картоп – фри шығару цехы салынды. Қарағандыда мұндай өндіріс әлі жоқ, жартылай фабрикаттар сырттан әкелінеді.

- Мен мамандығым бойынша тамақ өндірісінің технологымын. Қалининградта университетті тәмәмдап, отаныма оралдым. Қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істедім, одан кейін өз ісіммен айналыса бастадым. Маған бизнес-жоспар жасауға көмектесті. Өз жобама грант алдым. Бұл бастама үшін тамаша көмек, - деп атап өтті кәсіпкер. – Жабдық сатып алынды. Қазір іске қосу - реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Қараша айында өндірісті бастаймыз деген ойдамын.

Теміртау қаласында «ТехПроф» ЖШС өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарау бойынша жоба іске қосылды. «Даму» қоры несие бойынша пайыздық мөлшерлемемен қаражаттандырды. Кәсіпорын резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеуге арналған пиролиз пешінің құрылысын аяқтады. Қолданылған автомобиль доңғалақтарының тысынан отын және техникалық көміртек шығарылатын болады. Компания басшысы Руслан Салаватовтың айтуынша, жобаны тамыз айының соңында іске қосу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік басқармасының ақпараты бойынша, Қарағанды облысында 2020 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы шамамен 8 мың жұмыс орны құрылып, кемінде 2 500 кәсіпкерді қолдау жоспарлануда. Қаржылық көмек шараларын 1 350 атам кәсіпкер қолданды. Бизнестің жол картасы - 2025 бойынша жалпы сомасы 5,4 млрд теңге инвестицияға 123 жоба қаражаттандырылды. Олардың көп бөлігі өңдеуші өнеркәсіп саласында іске асырылуда. Әлі ШОБ кемінде 170 жобасына қолдау қаражаттары бар.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша қалалық және ауылдық кәсіпкерлер осы жылы 520 астам микронесие және 661 грант алды. Осы қолдау шаралары жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелендіруді қолдануға болады.

Сонымен бірге, төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікті несиелендірудің жаңа бағдарламасы бар. Қаражаттандыру есебімен несие бойынша мөлшерлеме жылдық 6% -ды құрайды. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараты бойынша 25 млрд теңгеден астам сомаға 111 жоба мақұлданды.


Соңғы жаңалықтар
telegram