Қарағанды облысында қазақ басылымдары бас редакторларының күні өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысына қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының үлкен делгациясы келді.
None
None

Оның құрамында «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Дала мен Қала», «Президент және халық» газеттерінің, «Үркер», «Астана» журналдарының бас редакторлары, «Нұр медиа» холдингінің өкілдері, «Қазақ газеттері» ЖШС-інің директоры, сонымен қатар ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев бар.

Делегация мүшелерін сәрсенбі, қыркүйектің 22-сінде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов қабылдады. Осы кездесумен аймақта қазақ басылымдары бас редакторларының күндері ашылды. Облыс әкімі журналистерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен болашағы туралы әңгімелеп берді. Кездесу барысында сондай-ақ, қазақ басылымдарына жазылу, оларды тарату мен таралымын арттыруға қатысты да мәселелер талқыланды.

«Негізінен қазақ басылымдарын ауылдық жерлерде жаздырып алады. Ендігі олардың облыс орталықтары мен қалаларда кең таралымға ие болса, нұр үстіне нұр болар еді», - деген тілегін жеткізді «Президент және халық» республикалық газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев.

Мемлекеттік тілде шығатын басылымдарда көкейкесті проблемалар көтеріледі, деп атап өтті олардың жетекшілері. «біз Қазақстанның әр азаматының өзін қазақстандықпын деп санайтынын мақтаныш тұтамыз», - деді «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.

Кездесу өте қызық әрі жемісті болды, деді С.Ахметов. «Бізге сіздердің өз проблемаларыңызбен бөліскендеріңіз қажет. Біз оларды шешуге қолғабыс ететін боламыз», - деп сендірген аймақ басшысы, бұл секілді кездесулерді үзбей өткізіп отыру керектігін де тілге тиек етті.

Ертең делегация мүшелері Қарқаралы ауданына жүріп кетпек.

Соңғы жаңалықтар