Қарағанды облысында Көкпекті аулындағы ТЖ туралы іс бойынша сот басталды

Зардап шегушілердің көп болып 300 адамнан асуына байланысты алғашқы сот отырысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі мәдениет үйінде өтті.
Сотқа үш айыпкер - «Табиғат ХХІ» ЖШС құрылтайшысы, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Владимир Ключков, Көкпекті ауылдық округінің бұрынғы әкімі Бақытжан Смайылов және Бұқар жырау ауданы ТЖ бөлімінің бұрынғы бастығы Ришат Жантүліков тартылды.
В.Крючков құрылыс жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережелерін бұзуға және ауыр салдарларға соқтырған өкілеттіктерін асыра пайдалануға (ҚР ҚК 2-бөлімі 245, 228-ші баптары, 1997 жылғы редакцияда), Б.Смайылов пен Р.Жантүліков ауыр салдарларға соқтырған әрекетсіздіктері (ҚР ҚК 4-бөлімі 315-бабы, 1997 жылғы редакцияда) үшін айыпталуда.
В.Крючковтың қорғаушысы ҚР ҚК 228-бабымен қылмыстық қудалауды тоқтату туралы талап қойды. Іске төрағалық еткен Бұқар жырау аудандық сотының судьясы Рафаил Дурдыев өтініш әзірше ашық күйінде тұратынын, сот отырысы барысында баға берілетінін айтты.
«Алдын ала тергеу органы Көкпекті ауылының 351 тұрғынын, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімін, Қарағанды қаласының құрылыс бөлімін және «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясын зардап шегуші деп таныды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы - 1,4 млрд. теңге, соның ішінде Көкпекті тұрғындарына 940,6 млн. теңге, бюджетке - 450,5 млн. теңге», деп хабарлады мемлекеттік айыптаушы Гүлден Хамитова.
Атап айтқанда, Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі 375,6 млн. теңгені айыпталушылардан өндіріп беруді сұрады. Мемлекеттік мекеме өкілінің айтуынша, бұл сома Көкпектідегі ТЖ салдарын жоюға бюджеттік шығындардан, үйлер салуға, жаңа құрылыстарды техникалық және авторлық қадағалауға жобалық-сметалық құжаттамалар жасаудан құралып отыр.
Прокурор айыпталушыларға материалдық талабы жоқ азаматтард зардап шегуші мәртебесінен шығару жөніне ұсыныс жасады, мұндайлар 73 көкпектіліктер болып шықты.
Сотталушы кәсіпкер мен экс-шенеуніктер өздерінің айыбын танудан бас тарты. «Айыптау актісімен де, азаматтық талап шағымымен де келіспеймін. Айыптауларда мен бұл қылмысты қандай әдіспен және қай уақытта жасағаным мүлдем түсініксіз», - деп мәлімдеді В.Крючков сотта.
Сот отырысында алдымен зардап шегушілерден жауап алынады, одан кейін - айыптау тарабының куәгерлерінен жауап алынады, содан кейн іс бойынша айғақтар зерттеледі және сотталушылар өздерінің жауаптарын бере алады.
Мемлекеттік айыптау мәліметтері бойынша қылмыстық іс материалдары 76 том болған.
Сотқа төрағалық етуші судья отырыс бұдан әрі осы жерде ме, басқа орында өте ме, оны кесіп-пішіп айта алмады. «Біз басты сот отырыстарының кестесін жасаймыз және бұдан әрі өтетін орнын белгілейміз», - деп атап өтті Р.Дурдыев журналистердің сұрағына. Ол соттың жариялылығы және ашықтығы қамтамасыз етілетініне сендірді.
Еске сала кетейік, 2014 жылғы 31 наурызда түнде Қарағанды облысында Көкпекті ауылында төтенше жағдай отын алды. Плотина бұзылуы салдарынан 300-ден астам үйлер суға кетті, 5 адам қаза болды, 12 зардап шегуші ауруханаларға жеткізілді.
Қайтыс болғандардың отбасыларына әрқайсысына 1 млн. теңгеден материалдық көмек берілді. Төтенше жағдайдан алдын ала келтірлген залал 1 млрд. теңгені құрады.
Су тасқыны 51 тұрғын үйді жойды. Зардап шеккен үй үйлеріне бюджет қаражаттарына жаңа тұрғын үй салынды. 167 тұрғын үй күрделі немесе ағымдағы жөндеуді қажет етті - өтемақылар зардап шеккендерге көмек қоғамдық қорынан бөлінді.
ТЖ себептері мен мән-жайын тексерумен ТЖ министрі Владимир Божко (қазір ҚР ішкі істер министрінің орынбасары) бастаған ведомствоаралық комиссия айналысты.
Облыс прокуратурасының ақпараты бойынша алдын ала қылмыстық істе алты күдікті болғаны еді. Міндеттеріне немқұрайды қараған «Шаңырақ» агрофирмасы» ЖШС директоры және құрылтайшысы Ерлан Чкаловқа және Бақыт Әсетовке айыптау тағылды. Алайда кейіннен олар плотина кәсіпорынның меншігіне жатпайтынын дәлелдеп, кәсіпкерлер қылмыстық қудалаудан босатылды. В.Крючковпен бірге іс бойынша осы кәсіпорынның атқарушы директоры Михаил Макеев те болды.