Қарағанды облысында көз жұмған екі адамның қандай дертке шалдыққаны зерттеліп жатыр

«Алты адам ауруханаға түскен. Олардың арасында екі азамат қайтыс болды. Қалған төрт адамға ем-дом шаралары жүргізілуде. Біреуі Қарағанды облыстық ауруханасында, үшеуі Шет аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Біз медициналық мекемелерге келген азаматтарға қажетті ем-домның барлығын жасап жатырмыз. Бұл, енді, сібір жарасы (түйнеме) ауруы ма немесе басқа ауру ма, оны алдағы уақытта білесіздер, яғни санитарлық-эпидемиологиялық қызмет анықтайды. Қазіргі кезде аталған қызмет өзінің қажетті зерттеулерін жүргізіп жатыр. Анықталғаннан кейін бұл жөнінде жарияланада», - деді Тамара Дүйсенова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандыда облыстық инфекциялық ауруханасына түйнемеге шалдықты деген күдікпен ауылдың бес тұрғыны жатқызылды. 19 маусымда кешке Шет ауданы Еркіндік ауылының бес тұрғыны бөртпемен облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Осы ретте олар Сібір ойық жарасына шалдықты деген күдік болған еді.