Қарағанды облысында құлаған мектептен оқушылар зардап шеккен жоқ

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында мектептің жартылай құлауы кезінде ғимаратта бір де бір оқушы болмаған, тек жұмысшы зардап шеккен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, мектепте құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. «Мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол жерде оқушылар болмаған. Олар басқа ғимаратта білім алып жүр. Сәйкесінше, бір де бір оқушы зардап шекпеген», - деп хабарлады білім басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Еңсебаева.

Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бүгін 9:40-та Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің кезекшілік бөліміне Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында мектеп ғимараты құрылысының қирағаны жайлы хабарлама келіп түсті. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде екінші қабаттағы төрт шаршы метрлік дәліздегі плита жабындысы құлағандығы анықталды. Үйінділер астында қалған бір адам құтқарылып, Шахтинск кентіндегі ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар