Қарағанды облысында «Құмкөл-Қарақойын» құбырынан мұнай ұрлаған күдіктілер қолға түсті

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында «Құмкөл-Қарақойын» құбырынан мұнай ұрлаған деген күдікпен республиканың оңтүстік аймағының төрт тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды облыс ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні жедел-іздестіру шаралары барысында ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Жезқазған-Қызылорда автожолынан 200 шақырым жерден Ұлытау ауданы аймағынан мұнай тиеген цистерналы екі «КамАЗ» көлігін ұстаған.

«Цистерналарда мұнай құбырынан ұрланған жалпы көлемі 45 текшеметр мұнай болған. Жүргізушілер өз еріктерімен құбырдың заңсыз кесілген орнын көрсетті. Оқиға орнын қарау барысында «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырының 101 шақырымында қылмыс жасалған құралдар табылды: ұзындығы 10 метр, диаметрі 8 см болатын шланг, күрек», - деді облыстық ІІД баспасөз орталығында. Алдын ала болжам бойынша қылмыстың залалы 3 миллионнан астам теңгеге бағалануда.

«КамАЗ» автокөлігінің екі жүргізушісі: 40 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы және 44 жастағы Қызылорда тұрғыны, сондай-ақ көлікте жолаушы ретінде кетіп бара жатқан 20 және 25 жастағы қызылордалық екі азамат қолға түсті. Күдіктілер Ұлытау ауданы ІІБ уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Қызылорда автожолында «Мицубиси-Паджеро» автокөлігінде қолға түскен Қызылорданың тағы бір тұрғынының іске қатыстылығы тексерілуде, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінде.

Аталмыш оқиғаға қатысты 175 бап - ұрлық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар