Қарағанды облысында қылмыстық жауапкершіліктен 16 жыл бой тасалап келген Солтүстік Осетияның азаматы ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
None
None

Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат басқармасынан хабарлады.

«Солтүстік Осетия-Аланияның азаматы Владикавказда өзінің танысын бұдан 16 жыл бұрын өлтірген. Оны тапаншамен атқаннан кейін қылмыс орнынан бой тасалаған. Оған Қазақстанға қоныс аударудың сәті түсіп, жалған құжатпен өмір сүріп келген», - деп түсіндірді тіл саясаты және ақпарат басқармасының қызметкерлері.

Полицийлердің айтуынша, Жезқазғандағы Раскова көшесіндегі үйлердің бірінде іздеуде жүрген қылмыскер П. деген біреудің тұрып жатқаны жөнінде сенімді көзден ақпарат алынады.

Полицейлер алынған ақпараттың растығына көз жеткізгеннен  кейін қылмыстық жауапкершіліктен 16 жыл бой тасалап келген қылмыскерді ұстау шараларын қабылдайды. «Қазіргі уақытта ол тергеу абақтысына  қамауға алынды. Жезқазған қаласының прокуратурасы одан әрі тергеу амалдарын жүргізу және қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін оны отанына экстрадициялау туралы мәселені шешуде», - деп хабарлады тіл саясаты және ақпарат басқармасының қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар