Қарағанды облысында Мәдениет басқармасын 19 жыл бойы басқарған Рымбала Омарбекова қызметінен кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Мәдениет басқармасын 19 жыл бойы басқарған Рымбала Омарбекова қызметінен кетті.
None
None

Кадрлық өзгерістер туралы мәдениет қызметкерлерінің жиналысында облыс әкімі Серік Ахметов хабарлады.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметте 40 жылдан аса уақыт бойы еңбек еткен Рымбала Омарбековаға аймақ мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.

Облыс әкімінің өкімімен мәдениет басқармасының бастығы міндетін атқарушы болып Бекболат Төкешұлы Байсағатов тағайындалды.

Бекболат Байсағатов 1958 жылы туған. Білімі жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі. Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен мараптталған.

Бекболат Байсағатовтың мәдениет саласында мол тәжірибесі бар. Симфониялық оркестрдің әртісі, концертмейстер, Қарағанды облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің директоры қызметтерін атқарған. Астана қаласындағы Мемлекеттік филармонияның директоры, бас директоры болды. Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы, «Отан» (қазіргі «Нұр Отан») республикалық партиясы Орталық аппаратының мәдени бағдарлама бойынша дирекциясының меңгерушісі болып істеді. Тағайындалғанға дейін елордадағы. «Астаналық цирк» ҚМКК бас директоры қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар