Қарағанды облысында марганец өндіру кезінде мамонттың азу тісі табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында марганец кен орнынан ересек мамонттың азу тісі табылды. Бұл туралы археолог-ғалымдар хабарлады.
None
None

«Палеонтологиялық жәдігер Жаңаарқа ауданында марганец өндіру кезінде 6 метр тереңдіктен табылды. Тістің ұзындығы екі метрден асады, диаметрі - 50 см», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Варфоломеев.

Ол шамамен 3 миллионнан 15-20 мың жылға дейінгі аралықты қамтиды деп болжануда.

Археологтар бұл жерде қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Ғалымдар ежелгі адамдардың қонысы болуы да мүмкін деп санайды.

Соңғы жаңалықтар