Қарағанды облысында машина жасауды дамыту бойынша шеберлік жоспары жасалды

АРАҒАНДЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Аймақ басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен жеделдете индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті жиынында Қарағанды облысында машина жасау консорциумын құру туралы мәселе қаралды.
None
None

Негізгі салаларды дамыту тұжырымдамасы аясында жасалған машина шығаруды дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарын бұл жиында облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының бастығы Ерболат Қарғин таныстырды. «Машина шығару саласы облыстағы өңдеу өндірісін дамытудағы басты бағыттарының бірі болып айқындалды, - деп атап өтті ол. - Соңғы 15 жылда осы салада жұмыс істеген ірі кәсіпорындар саны жартысынан астам - 60-тан 29-ға қысқарды. Тиісінше, облыстағы өндірістің жалпы көлеміндегі машина жасау үлесі 7 пайыздан 2 пайызға дейін кеміді. Тауарлар номенклатурасы төменгі қосымша құнды өнімдерді өндіруге қарай ойысып, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да жартылай дерлік азайды».

Аймақ билігі машина жасау жағдайын қайта орнына келтірмек. 37 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қаралуда, деді облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының бастығы. Оның айтуынша, бұл 2014 жылы жалпы қосымша құнды 78%-ға артыруға және машина жасау саласында жұмыс істейтін бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігін 59%-ға дейін көтеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осында құрылған Қарағанды машина шығару консорциумына жұмыс істейтіндердің жалпы саны 1000 адамға жететін 7 зауыт кірді, деді Е. Қарғин. Бірінші кезеңде жұмыстың екі негізгі бағыты айқындалды - кен-шахта жабдықтарының өндірісі және коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникалары үшін аспалы жабдықтар жасау.

Облыс әкімі консорциум іс-қимылы тетігін жасауды тапсырды.

Жеделдете индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында сондай-ақ аймақтық Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларыың өзектілігін арттыру жөніндегі жұмыстың нәтижелері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар