Қарағанды облысында мәслихат сайлауында 1 мандатқа үш кандидаттан келіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі күні Қарағанды облысында мәслихаттар сайлауында бір мандатқа үш кандидаттан келіп отыр. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов мәлім етті.
None
None

«Күнтізбелік жоспарға сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну белсенді жүргізілуде. Қалалық, аудандық және облыстық сайлау комиссияларының мәліметтеріне қарағанда қазіргі таңда барлық деңгейдегі мәслихаттарға 917 кандидат ұсынылды. Олардың 126-сы облыстық мәслихатқа, 791-і аудандық және қалалық мәслихат сайлауына қатысады. Осылайша, қазіргі күні бір депутаттық мандатқа бәсекелестік 3 адамды құрап отыр», - деді Е. Аймағамбетов.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі күні кандидаттардың 65 пайызы тіркеуден өткен.Бұл ретте саяси партиялар ұсынған кандидаттар 301 адам (32,8 пайыз), өзін өзі ұсынушылар - 616 (67,2%) адамды құрайды. Ұсынылған кандидаттардың арасында 18 ұлт өкілдері бар, 66,2 пайызы - ерлер, 33,8 пайызы - әйелдер. 74,4 пайызының білімі жоғары, ал кандидаттардың орташа жасы - 43,5 жас.

Талдауларға қарағанда ұсынылған кандидаттардың басым бөлігі - 490 адам немесе 53,4 пайызы бизнес өкілдері болып отыр. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну 19 ақпанға дейін жалғасады, ал кандидаттарды тіркеу 23 ақпанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар