Қарағанды облысында мекеме әкімшілігінің талаптарына қасақана мойынсынбағаны үшін сотталған адам қосымша мерзімге кесілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысы Абай ауданының соты қылмыстық-түзеу мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана мойынсынбағаны үшін айып тағылған сотталушыға қатысты үкім шығарды (ҚР Қылмыстық кодексінің 360-бабының 1-бөлімі).
ҚазАқпарат тілшісіне Қарағанды мамандандырылған прокуратурасының прокуроры Арман Амандықовтың хабарлауынша, сот оны айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға қосымша жаза тағайындады. Сотталушы қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.Прокурорлық бақылау назарына сотталған В.Черноносов ілігеді. «Бастапқыда ол жасақтың оқшауланған учаскесін өз бетінше қалдырғаны және киім нысанын кию тәртібін бұзғаны үшін мекеме бастығының қаулысымен камералық үлгідегі абақтыға 3 айға қамалады. Одан кейін жазасын өтеу кезінде әкімшіліктің нұсқауларына елемеушілік танытады. Осылайша сотталған адам қамау тәртібін қасақана бұза отырып, тиісті қорытынды жасаудың орнына ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің және Түзеу мекемелері ішкі тәртібі ережелерінің талаптарын жүйелі түрде бұзуды жалғастыруды доғарған жоқ», ? деді прокурор.Ашылған факті бойынша мамандандырылған прокуратура қылмыстық іс қозғады және сот қадағалау органының уәжімен келісті.
Соңғы жаңалықтар