Қарағанды облысында мүгедек жандардың 36 пайызының ғана жұмысы бар
Биыл Қарағанды облысында 80 кәсіпорында 207 адамға квота белгіленген.
Олардың қатарында ауруханалар, мектептер, жеке ұйымдар, коммуналдық кәсіпорындар бар.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар 244 тұрғын өзінің материалдық жағдайын жақсартты.
Квота бойынша оның 24-і жұмысқа орналасты.
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына 816 мүгедек адам жүгінген.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 735 адам жұмысқа орналасқан.
«Бос жұмыс орындарына — 324, әлеуметтік жұмыс орындарына — 26, қоғамдық жұмыстарға — 343 қарағандылық жіберілді. Жастар тәжірибесіне сегіз адам қатысты. Тағы төртеуі «Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін пайдаланды. Кәсіптік оқытуға 30 адам келісті», - деп хабарлады Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Ашық көздерден алынған фото