Қарағанды облысында өрт сөндіруші көліктердің жүргізушілері мәнерлеп көлік жүргізуден сайысқа түсті

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында өрт сөндіру бөлімшелерінің арасынан «Маневр жылдамдығы бойынша үздік жүргізуші» бәсекесі болып өтті,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оған «Өрт сөндіруші» АҚ және төтенше жағдайлар департаменті апат-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің 33 жүргізушісі қатысты.

«Сайысты өткізу қажеттілігі бұрыннан туындаған. Оған бірнеше себептер бар, мысалға біздің қаладағы автокөліктер санының артып келе жатқандығы, жолдардың тарлығы», - деп аталып өтілген облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

Соңғы жаңалықтар