14:22, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Қарағанды облысында полиция қызметкері 26 жастағы қызды көлікпен басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 30 жастағы полиция қызметкері жол апатын жасап, оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Абай ауданына қарасты «Топар-Жартас» автожолында полиция қызметкері 26 жастағы қызды көлігімен басып кетті. Жол апаты салдарынан қыз қаза тапты», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкері уақытша оқшаулау орнына қамалды.
«Тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды», - делінген ведомство ақпаратында.