22:20, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында саяси партиялар филиалдары, ғылыми-өндірістік бірлестіктер және кәсіподақтар арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысының әкімдігінде бүгін қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бойынша саяси партиялар филиалдары, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл құжат облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің, сондай-ақ «Ауыл», «Руханият» социал-демократиялық партиялары, «Ақ жол», «Әділет» демократиялық партиялары, Қазақстан патриоттары партиясы, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы облыстық филиалдары жетекшілерінің қолдарымен бекітілді. Меморандумға сонымен қатар, облыстық кәсіподақ федерациясы, облыстық еркін кәсіподақтар конфедерациясы, «Қарағанды облысының Азаматтық Альянс қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қатысты. «Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, дағдарыстан шығудың екі жолы бар: не біз дағдарыстың барлығын жойып жатқанына енжар түрде қарап отырамыз, немесе дағдарыс арқылы болашақ үшін жұмыс істейміз. Біз болашақ үшін жұмыс істеуге тиіспіз», ? деді Н.Нығматулин. Облыс әкімі кездесуге қатысушыларға экономиканы тұрақтандыру, халықты еңбекпен қамту, әлеуметтік қорғау бойынша жергілікті атқарушы биліктің жүргізіп отырған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Облыс басшысы Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі қол жеткізген жетістіктері, барлық табыстары еліміздегі салтанат құрып отырған бейбітшілік пен келісімнің нәтижесі екенін еске салды.