Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлік қызметшілерінің саны 65 мың адамды құрады

«Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуді қоса алғанда, көтерме және бөлшек сауда саласында шоғырланған - 27,5%, өнеркәсіпте -18,2%, құрылыста - 16,9%», - делінген хабарламада.
2014 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 76798 теңгені құрады, 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға өсті.
Ең жоғары орташа айлық жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен шұғылданатын қызметкерлерде анықталды - 171549 теңге.
Ең төмен жалақы өзге қызмет (мүшелік ұйымдар қызметі; компьютерлерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтынатын заттарды жөндеу; өзге де дербес қызметтер көрсету) түрлерін ұсынатын жұмыскерлерде құралды - 46770 теңге.
2014 жылғы IV тоқсандағы өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 103699,1 млн. теңгені құрады, өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс - 256603,8 млн.теңге.
Алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 8,6%-ға төмендеді, өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс 1,4%-ға өсті.
Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде құрылыс кәсіпорындарының үлес салмағы 34,8%-ды құрады, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарында - 25,9%-ды, өнеркәсіп кәсіпорындарында - 20,3% (оның ішінде өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарында - 16,5%).
Өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кірістің ең көп үлесі көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен алынды - 59,8%, өнеркәсіпте - 11,6% және құрылыста - 17%.
2014 жылғы IV тоқсандағы шағын кәсіпорындар қызметінің сальдолық қаржылық нәтижесі 8544,4 млн.теңге сомасында пайда ретінде анықталды. Ең көп пайда көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарымен алынған - 3492,3 млн. теңге. Көлік және қоймалау қызметін ұсынатын кәсіпорындарда 478,2 млн. теңге залал шығындалған.
Шағын кәсіпорындардың өнім өндіру және өткізу бойынша шығыстары 111656,2 млн. теңгені құрды, оның ішінде 40,4%-ы материалдық шығындар, 12,8%-ы - қызметкерлердің жалақы қоры, 3,2%-ы - өтелім, 43,6%-ы - өзге де шығындар (банк қарызы бойынша сыйақылар, шығысқа жатқызылатын салықтар мен басқа да төленетін міндетті төлемдер, қызметтік іссапар кезіндегі тәуліктік ақы).
Шағын кәсіпорындардың қорлары 2015 жылғы 1 қаңтарға 122673,6 млн. теңге сомасында құралды, оның ішінде тауарлар үлесі 55,4%-ды, шикізат пен материалдар үлесі 21,7%-ды құрады, аяқталмаған өндіріс - 9,2%, өзге де қорлар - 8,5%, дайын өнімдер - 4,3%, қайта сатуға арналған мүлік -0,9%.