Қарағанды облысында шахталар мен кен орындарының жұмысы тоқтаған жоқ - ТЖД
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шахталар мен кен орындарында жұмыс тоқтаған жоқ, деп хабарлады облыстық ТЖД.
Еске сала кетейік, бүгін шамамен Астана уақыты бойынша сағат 12.30-да Қарағанды облысында жер сілкінісі болды. Қарағандыда 4 балдық жер асты дүмпуі сезілді.
Жер сілкінісі Астанадан 206 шақырым оңтүстік-шығыста, Қарағандыдан 26 шақырым оңтүстік-батыста орын алды.
«ТЖ департаменті шахталар мен кен орындарында жұмыстың тоқтаған-тоқтамағанын сұрап білді. Әзірге, жұмыс кестесінде ешқандай ауытқу болған жоқ. Қираулар туралы ақпарат келіп түспеді», - делінген ТЖД баспасөз парағында.
Жағдайды анықтау бойынша шаралар жүргізілуде. Халықты дүрлігуге жол бермей, тыныштық сақтауға шақырамыз.
Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметі жер сілкінісі шахта қызметіне әсер етпегенін, дүмпу жер бетінде ғана сезілгенін, әдетте жер астында сезілмейтінін растады», - деді баспасөз қызметінде.