Қарағанды облысында «Шахтер» ФК-ның жаңа құрамы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Шахтер» клубының футболшыларымен кездесті. Ол спортшыларға сәттілік тілеп, клубтың 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.
None
None

«Маусым басталды, командаға жаңа ойыншылар келді. Маусымның басталу қорытындысы бойынша біз алтыншы орында тұрмыз. Бірақ меніңше, сіздер ойынды жақсартып, жанкүйерлерді қуантасыздар деп ойлаймын. Клубтың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі дұрыс деңгейде. Енді барлығы сіздердің қолдарыңызда», - деді аймақ басшысы. 

Ол сонымен қатар биылғы жылы қарағандылық футбол командасына 60 жыл толатынын еске салды. Өткен, 55 жылдық мерейтойда «шахтерлар» алғаш рет Қазақстан тарихында Еурокубокқа дейін жеткен болатын. Ерлан Қошанов осы жыл да біздің футболшылар үшін сәтті болатынына сенімін білдірді. 

null 

Облыс әкімі команданың жаңартылған құрамымен танысты. Клуб директоры Әлібек Оразғалиевтің айтуынша, 25 ойыншының 14-і қарағандылықтар.

Кездесу барысында футбол клубының жетекшілері Ерлан Қошановқа клубтың логотипі бар жейде мен доп сыйлады. 

null 

«Шахтерлар» кезекті ойындарын 1 сәуір күні Теміртауда «Жетісумен» өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар