Қарағанды облысында швейцариялық туристердің көлігін ұрлап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы полиция қызметкерлері Швейцарияның екі азаматын тонау әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қазақстанға келген екі әйел «Kia Rio» автокөлігін жалға алып, Алматыдан Астана бағытына жолға шыққан.

«5 қыркүйек күні Приозерск полиция бөлімшесінің кезекшілік қызметіне 20 және 22 жастағы Швейцария азаматтары қоңырау шалып, белгісіз біреу күш көрсетіп, жалға алған көліктерін тартып алғандығын мәлімдеді. Полицияның жедел қызметкерлері күдіктіні ұстады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Тәртіп сақшылары ұстаған кезде күдікті сол көлікте болған. Қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. ҚР ҚК-інің 192-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары тарапынан шетелдік азаматтардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалды. Көліктерін қайтарып алған туристер полиция қызметкерлерінің алаяқты жедел қолға түсіріп, қонақжайлылық танытқандары үшін алғыстарын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар