17:52, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында шығып кеткен мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 2009 жылғы наурыздың 29-ы мәслихаттағы босаған орындарға депутаттар сайлау күні болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.Облыстық сайлау комиссиясы осыған байланысты тиісті шешім қабылдады. Облыстық мәслихатқа - Ақсу-Аюлы округі бойынша бір орын, Қарағанды және Саран қалалық мәслихаттарының әрқайсысына ? екі орын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалық мәслихаттарының әрқайсысына бір орыннан босады. Жалпы алғанда, барлығы 8 депутат сайлау қажет.Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлерді ұсыну ақпанның 27-де, тіркеу ? наурыздың 3-інде аяқталады.