02:03, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Қарағанды облысында судан 5 адам құтқарылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының аумағындағы аптап ыстық адамдардың демалыс күндерін су қоймаларында өткізуге мәжбүрлеуде. Бірақ, статистика бойынша судағы демалыс қауіпті болып отыр. Сенбі күні ғана құтқарушылар 5 адамды құтқарды.
Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, 9 шілде күні сағат 18:50-де Топар су қоймасы аумағында 4 адам мінген қайықты жел жағадан алыстатып кеткен. Қарағанды облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен қайық табылып, жағаға жеткізілді. Қуаныштысы зардап шеккендер медициналық көмек қажет болмады.
Келесі оқиға Жезқазған қаласы Кеңгір су қоймасында орын алды. ТЖД Жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы су қойма аумағын бақылау барысында жағадан 350 метр қашықтықта алыстап кеткен жас жігітті байқайды, ол жолдастарына келесі жағаға жүзіп өтемін деп бәстесіп, өз бетімен жағаға жете алмай қалған. Құтқарушылар уақытында жетіп, зардап шеккен адамға шұғыл көмек көрсетеді, оны жедел көмек көрсету бригадасы алып кетті.