21:08, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауысты
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Нұрбек Құнанбаев тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа басшыны ұжымға бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко таныстырды. Н. Құнанбаев бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Ол 49 жаста, екі жоғары білімі бар, техника ғылымдарының кандидаты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы бастығы полковник Мейрам Ысқақов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаментін басқаратын болады.