14:11, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында тұмау жұқтырған 24 науқас тіркелді
ҚАРАҒАНДЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 2010-2011 жылдардағы эпидемиологиялық кезең ішінде тыныс органдарының өткір вирустық инфекциясына қатысты 64500 жағдай тіркелсе, тұмаумен ауырған 24 науқастың ауруы зертханалық жолмен дәлелденген.
Бұл туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.
«100 мың халыққа шаққандағы ауру көрсетекіші 4646,2 жағдайды құрады. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, аурудың таралауы 1,5 есеге азайғаны байқалған. Балалар арасында жоғарғы тыныс органдарының өткір вирустық инфекциясы 45081 рет тіркелген», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.