Қарағанды облысында түрмеден қашқан сотталған азамат бір сағаттың ішінде құрықталды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қарағанды облысында түрмеден қашқан сотталған азамат бір сағаттың ішінде құрықталды, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖК департаментінен.
None
None

БАҚ үшін таратылған ақпаратта айтылғандай, бүгін шамамен таңғы сағат алты кезінде 32 жастағы ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жүрген сотталған АК-159/7 мекемесінен (қатаң тәртіп, Қарағанды облысының Долинка ауылы) қашып шықты.

Қарауылдың ескерту ретінде атыс қаруынан атқанын елемеген ол, негізгі қоршауды артта қалдырып, жақын жердегі елді мекенге қарай бағыт ұстады.

Мекеме мен ІІМ ішкі әскерлерінің қызметшілерінің тыңғылықты және жедел атқарған іздестіру шараларының нәтижесінде сотталған азамат қарауылдың әрекет ету аймағында бір сағаттың ішінде құрықталды, делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар