Қарағанды облысында түйнеме жұқтырды деген науқастардың жағдайы қанағаттанарлық - Е. Нұрлыбаев

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Түйнеме (Сібір ойық жарасы) жұқтырды деген күдікпен облыстық инфекциялық ауруханаға түскен Шет ауданы Еркіндік ауылының 6 тұрғынының жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті.
None
None

«Облыстық инфекциялық ауруханада 6 адам жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Қауіп жоқ», - деді Е. Нұрлыбаев баспасөз мәслихатында.

Ол сібір ойық жарасын жұқтырды деген күдікпен түскендер жеке палатада екенін атап өтті.

Дәрігерлердің ақпаратында ауруханаға түскен 10 жасар бала ауру ірі қараны сойған жанұя мүшесі екенін айтылады.

«Науқастармен байланыста болғандар бақылауға алынды. Жанұямен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. 62 ауыл тұрғынын бақылауға алдық. Барлығы профилактикалық бактерияға қарсы терапия қабылдап жатыр. Атап өтейін, бұл аурудың алдын алу мақсатында жасалып жатқан шаралар. Олар дертке шалдыққан жоқ», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қаза тапқан 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам инфекциялық удан болатын шок салдарынан көз жұмды, - деді Е. Нұрлыбаев.

Қайтыс болғандар ауру малды сойған үйдің көршілері.

Соңғы жаңалықтар