Қарағанды облысында Ұлытау ауданының әкімі ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың нұсқауымен Президент Әкімшілігімен келісіле отырып және Ұлытау аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Берік Әбдіғалиев Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды,
None
None

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Б.Әбдіғалиев 38 жаста. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында туған. 1994 жылы Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - тарихшы. Саясат ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтынан бастаған Б.Әбдіғалиев, онда ғылыми қызметкерден бастап директордың бірінші орынбасарлығына дейін өскен. 1997-1999 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде басшылық лауазымдар атқарған. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары болған. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Ал ауданның бұрынғы әкімі Жаңбырбай Дәрібаева өз еркімен қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар