Қарағанды облысында ұрланған 3 жасар бала өлі табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ер адам ұрлап кеткен үш жасар бала ауыл шетінен өлі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында ұрланған 3 жасар бала өлі табылды

Жоғалған баланы 200 полиция қызметкері мен ерікті іздеді. Өкінішке орай баланы өлі денесі ауыл шетінен табылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы бүгін облыстық полиция департаментінде өтетін брифингте айтылады.

5 қыркүйекте Шет аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Бұрма ауылының тұрғыны 22 жастағы келіншек баласын ұрлап кеткені жөнінде шағымданған. Оның 23 жастағы танысы ұл баланы қолынан тартып алып, қашып кеткен.