Қарағанды облысында үй құрылысына қажетті қабырға панельдері шығарылады
«Ірі панельді үй құрылысы элементтерімен темір бетон бұйымдарды өндіру зауытын салу» инвестициялық жобасының бірінші кезеңі 2013 жылы жүзеге асырылған болатын. Бүгінгі таңда жабындық плиталарды шығару өндірісінің желісі жолға қойылып, сериялық өндіру қолға алынды. Қабырға панельдерін өндіру үшін қажетті жабдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталмақ», - деп хабарлады Г.Мақышева облыс әкімдігінде өткен үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында.
Оның айтуынша, сәуірде алғашқы өнімдер шығарып, байқап көрмек. Жабдықтарды монтаждауға неміс мамандары көмектесуде.
Кәсіпорын мәліметтері бойынша, жобаның құны 1,5 млрд. теңгеден асады. «Банк бізге монтаждау жұмыстарының құнын төлеуге, темірбетон өнімдерінің шегендеу жүйесін сатып алуға 100 млн. теңге көлемінде несие желісімен қосымша траншты мақұлдады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы ауқымында несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобасын қолдауларыңызды сұраймыз», - деді кәсіпорын өкілі үйлестіру кеңесі мүшелеріне қарата.
Үйлестіру кеңесі мемлекеттік қолдау көрсетуді мақұлдады. Облыс әкімі Бауыржан Әбдішев жобаны тиісті құрылымдарға одан әрі субдидиялау шартын жасасу үшін жолдауға тапсырма берді.
Үй құрылыс комбинатын салу жөніндегі «ККК Бетон» ЖШС жобасы Индустрияландыру картасына енді. Оны іске қосу 2013 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылған болатын.
Зауыттың жобалық қуаты жылына 48 мың шаршы метр темір бетон бұйымдарын шығаруға есептелген. Мұнда бір адамның еңбек өнімділігі жылына 30 млн. теңге болмақ.