16:12, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында ұзақ өмір сүрген 36 адам, олардың ең үлкені 130 жастағы кейуана тіркелді ? Ұлттық санақтың алдын-ала қорытындылары
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысында 1 млн. 389 мың 12 адам санақтан өтті, бұл 2009 жылдың басындағы халықтың ағымдағы есебін 3,2 пайызға арттырды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Аймақтағы Ұлттық халық санағының алдын-ала қорытындыларын облыстық статистика департаментінің бастығы Людмила Колесова бүгін болып өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ер адамдардың саны 47 пайызды, әйелдер ? 53 пайызды құрады. Қазақ ұлтының 612 550 адамы санақтан өтті. «Жалпы сандағы қазақтардың үлесі 44,1 пайызды құрады, 2008 жылдың басындағы ағымдағы есеп бойынша 41,4 пайыз болатын», ? деген деректерді келтірді Л.Колесова.Аймақта ұзақ ғұмыр кешкен 36 адам: 33 әйел және 3 ер адам тіркелді. «Ұзақ өмір сүрушілердің саны бойынша Шет ауданы көш басында келеді, олардың үлесіне 13 адам тиіп отыр. Екінші орында ? 8 ұзақ жасаған адам есепке алынған Қарағанды. Қарқаралы ауданында 4 ұзақ жасаған адам тұрады», ? деді облыстық статистика департаментінің бастығы. Ең қарт адам қарағандылық Сахан Досова ? ол наурыздың 27-сінде 130-ға толады (1879 жылы туған). Ақтоғай ауданының тұрғыны Бәтима Сүлейменова 117 жаста (1892 жылы туған).
«Облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің тапсырмасы бойынша барлық ұзақ жасаған қарияларға Ұлттық халық санағына қатысқандығы туралы диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады. Олардың кейбіреулері құттықтауларға ие болды. Облыстың жасы ең үлкен тұрғыны С.Досованың отбасына Қарағанды қаласының әкімі Ислам Тоғайбаев арнайы кіріп, сәлемдесіп шықты», ? деді Л. Колесова.