13:08, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында ЮНИСЕФ бағдарламасының аясында зерттеу жүргізілді
ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында отбасы, білім беру, әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған халықаралық бағдарлама әдісі бойынша мильтииндикаторлық кластерлік зерттеу жүргізілді.
Бұл туралы статистика департаменті хабарлады.
Зерттеу ҚР Үкіметі мен Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп атап өткен облыстық статистика департаменті.
Статистика департаментінің ақпаратына сүйенсек, сауалнама облыстағы 15 өңірге қарасты 22 елді мекенде жүргізілді. «Жобаға 1209 үй шаруалықтары қатысты, 946 әйел мен 251 ер азамат сұрастырылды. 5 жасқа дейінгі 314 бала туралы мәлімет алынды. Толтырылған сауалнамалар толықтай әзірленуі үшін ҚР Статистика агенттігіне жіберілді», - деп хабардар етті облыстық статистика департаменті.