Қарағанды облысында зейнеткер өзеннен көлігін алып шықпақ болып, суға кетті

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өз көлігін өзеннен алып шықпақшы болған 73 жастағы зейнеткер суға батып кетті, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Қарағанды облысы Токаревка кентінің аумағында 1 қазан күні жағадан Нұра өзеніне өздігінен жылжып түскен «Фольксваген» көлігін алып шығу кезінде 1939 жылғы ер адам суға батып кетті.

Оның мәйіті судан-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының және ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасының күшімен судан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар