12:28, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
Қарағанды облысында ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 24 қылмыс ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қарағанды облысында полицейлер облыстық ІІД Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камераларының көмегімен 24 қылмыстың бетін ашты,

1800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Жалпы алғанда бейнебақылау жүйесін тәжірибелік қызметте пайдалану көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті, қозғалысты бақылауға, жедел-іздестіру іс-шараларына қолғабыс ету сынды маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беруде. Барлық тіркелген материалдар сақталады және кейіннен тергеу және істің сотта қаралуы кезінде айғақтаушы база болып табылады», - деп атап өтілді хабарламада.