Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуынан үш адам қаза болып, екеуі жарақат алған

ҚАРАҒАНДЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысының «Шахтинск-Қарағанды» күріжолы бойында «Ауди-100» маркалы жеңіл көлік пен «Setra» автобусы соқтығысты.
None
None

Жол-көлік апаты салдарынан үшеуі жан тәсілім етіп, екеуі жарақат алған. Бұл туралы бүгін облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметі бойынша, жол апаты өткен сейсенбіде Солтүстік-Батыс кентінің маңында, Шахтинск қаласынан 5 км жерде болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жол-көлік апаты көктайғақтың салдарынан орын алған.

«Шахтинск-Қарағанды» жолында «Ауди-100» маркалы көліктің 21 жасар жүргізушісі көктайғақтың салдарынан басқару тұтқасына ие бола алмай, қарсы беттегі «Setra» автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан сол жерде «Ауди» маркалы көліктің екі жолаушысы - 34 жастағы ер адам мен 20 жастағы жас жігіт көз жұмды. Жеңіл көліктің жүргізушісі және оның екі жолаушысы, 22 жастағы жас жігіт пен 53 жастағы әйел жарақатпен Шахтинск қаласының ауруханасына жеткізілген. Жүргізуші есін жимастан, ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жол көлік апатының оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар