07:56, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында жер үйде болған өртте 3 адам мерт болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында жер үйде болған өртті сөндіру барысында жанып кеткен 3 адамның мәйіті табылды, олардың жынысы мен тұлғалары қазір анықталу үстінде.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрт 1 желтоқсан күні, түнгі сағат екіде Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде болды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен екі сағатта ауыздықталды.
Жалынның шарпыған жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады.