Қарағанды облысында жергілікті тұрғын гранатаға ұқсас заттар тауып алды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында үлкен жолдың бойында гранатаға ұқсас заттар табылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, мамырдың 6-сы күні сағат 13.30-да Ақтоғай ауданының жергілікті бір тұрғыны «Балқаш-Орта Дерсін» тас жолының 30-шы шақырымында темір-бетон тақташаның астынан гранатаға ұқсас, үлгісі әзірге анықталмаған төрт зат тауып алды. Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап тастады.
Соңғы жаңалықтар