Қарағанды облысында «Жигули» мен «Сетра» автобусының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Шет ауданындағы «Екатеринбор - Алматы» автожолының 936 шақырымында сәрсенбі күні «ВАЗ-2107» автокөлігі мен «Қарағанды - Шымкент» бағыты бойынша жүретін «Сетра» автобусының соқтығысып қалды,
None
None

деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік апаты салдарынан «Жигули» автокөлігінің 74 жастағы жүргізушісі көз жұмған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, автобус жолаушыларының ешқайсысы зардап шекпеген.

Соңғы жаңалықтар